Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Солай болып қалды”: 13 жастағы қыз ағасынан бала тапқанын мойындады

Оқиға Ресейдің Екатерибург қаласында болған.

«Анам қайтыс болғаннан кейін өз әкеммен араласпай кеттім. Себебі анамның өліміне барлық адамдарды кінәладым. Туған әкем бірге тұруға ұсыныс жасаған. Алайда маған әпкеммен бірге тұрған қолайлы. Анамнан пәтер қалған. Ол жақта жалғыз қонған емеспін. Сол пәтерге анда-санда Никита келіп тұратын. Оның басқа ойы болған жоқ. Бар болғаны мені бір жаққа шақырып, бірге теледидар көру үшін келетін. Анам қайтқаннан кейін маған барынша көмек көрсетті», – деді ана атанған оқушы қыз.

Қыздың сөзіне қарағанда, екеуі де жақындасу туралы ойламаған. Қазір жеткіншек оған қалай беріліп қойғанын түсіндіре алмай отыр.

«Солай болып қалды. Негізі ол біреудің қалауымен болған жоқ. Бірнеше рет жақындасқанымызды айтқым келеді. Ол маған тиіскен емес. Жанымызда туыстарымыз болмады. Тек екеуміз оңашада қалдық. Ал баланы жоспарлаған жоқ едім. Аборт жасату туралы да ешкім айтпады, өзім де ол туралы ойланбадым. Шыны керек, сәбиімнің әкесін сүймеймін. Бірақ баламызды бірге тәрбиелейміз деп жоспарлаған едім. Ал енді болашақта не боларын білмеймін. Заң бойынша, маған онымен бірге тұруға болмайды. Сәбиімді де тастайтын ойым жоқ», – дейді жас ана.

Қазіргі уақытта Алёна өзінің өгей әкесі мен оның бұрынғы жұбайымен бірге тұрып жатыр. Ересектер нәрестенің тәрбиесін өз мойындарына алыпты. Себебі заң бойынша оқушы қыз 16 жасқа дейін ұлын өзі тәрбиелей алмайды.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз