Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Сол үшін әкеліпті”. Келімбетовтің Зейнетақы қорына не себепті келгені белгілі болды

“Адамдардың зейнетақы ақшасы туралы уайымы осымен сейіледі деп ойлаймын. Инвестиция толық қайтарылады. Мен қарыздың оңтайландырылуына қатысып жатырмын. Бұндай жұмыста тәжірибесі бар адамдар Қазақстанда аз. Сондықтан Үкімет маған қолқа салды”, – дейді «Астана» қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов.

Қарызды банктен үкіметке жүктеу бойынша дауыс беру жақын күндері өтпек. Халықтың 71 млрд теңге зейнетақы жинағы кезінде Әзірбайжан банкіне Келімбетовтың өзінің пәрмен беруімен салынған-ды. Осы келеңсіз жәйттен кейін, Ұлттық банк енді жекеменшік зейнетақы қорларын қайтармақ ниетте. Қазір тиісті ұсыныс үкіметтің қарауында.

Десе де, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры халық ақшасын бір қолда ұстау құқығын өзіне қалдырып отыр. Салымшылар қормен арнайы келісім жасап, зейнетақы ақшасын Ұлттық банк арқылы алып шығып, жекеге салады. Бас банкир Данияр Ақышев бәсекелі ортада да халық ақшасының талан-таражға түспеуін қатаң қадағалаймыз деп сендіріп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз