
Мөлдір Әуелбекова
31-арнаның «Айта берсін» бағдарламасында Мөлдір Әуелбекова барлық адамның қателесетінін және кез-келгеннің бойында кешірімділік болу керек екенін айтты.
«Маған адамдардың өздері тиіспесе, мен өзім ешкімге тиіспеймін. Үнсіз жүре беремін. Оны қанша жылдан бері халықтың өзі көріп отыр.
Барлығымыз қателесеміз. Барлығымыздың кемшілігіміз болады. Бұрынғы күндері тек Баян ғана емес, достарыммен, құрбыларыммен араласпай кеткенмін. Туысқандар да араласпай кетіп жатады. Кешіруге дайынбыз бір-бірімізді. Неге кешірмеске?
Барлығымыз Алланың алдында бірдейміз», – дейді әнші.
Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова КешYou тобында продюсерлердің талабы бойынша ашық-шашық киінгенін, тіпті, сол үшін топтан кеткенін айтқан еді.
https://kaz.365info.kz/ony-zhek-korem-tanymal-prodyuser-moldir-auelbekova-turaly-shyndykhty-ajtty-video-292433
Баян Алагөзова көп күттірместен Мөлдірдің шағымына жауап беріп, бар шындықты айтуға шақырды.
Мұнан кейін продюсер Мөлдірдің көзіне қарап шындықты айтудан ұялмайтынын айтқан еді.