Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

СҚО жүргізушілері «әдемі» нөмірлер үшін 12 млн теңге төледі

Жыл басынан департамент 12,5 млн теңгеден астам сомаға сұранысы жоғары 34 мемлекеттік нөмірді өткізген.

«Бұрынғыша, ең көп сұранысқа ие комбинациялар – 001, 111, 444, 555, 777 және 999. 2018 жылдан бастап сұранысы жоғары нөмірлер белгілерінің алуандығы кеңейе түсетіндігі, оларға деген қызығушылықты арттыруы мүмкін. Олардың құрамына автомобиль иелерінің сүйікті «айналы» нөмірлері мен басқа да танымал сандық комбинациялар кіреді», – деді Сергей Гизбрехт.

Мұндай нөмірлерді негізінен Петропавл қаласының, Есіл және Ғ.Мүсірепов аудандарының тұрғындары сатып алуда. Полицейлер атап өткендей, «әдемі» нөмірлер автомобиль иелеріне ешбір артықшылық бермейді.

ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңына сәйкес, «сұранысы жоғары нөмір» санатындағы белгіні кез келген көлік құралының жүргізушісі сатып ала алады. Әр сандық комбинацияның өзіне сәйкес мемлекеттік баж салығы болады. Көлік құралының иесі өзінің қалауына қарай беделді тіркеу нөмір белгісін таңдауға құқылы. Арнайы ХҚКО-ның ақпараттық бұрышында олардың 001-ден 999-ға дейінгі барлық түрі қойылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз