Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық жерлердегі Үкіметтік емес ұйымдар арасында «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» байқауы өткізіліп, шағын гранттар таратылды.

Жобаның негізгі міндеттері — аймақтағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін нығайту, сонымен қатар ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға шағын гранттар беру арқылы жергілікті тұрғындардың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге ауыл тұрғындарының қатысуын ынталандыру.
Жоба аясында электронды кітапханамен бірге ҮЕҰ үшін ақпараттық сайт құрылып, гранттар, ҮЕҰ-ға арналған семинарлар туралы тиісті ақпарат жарияланады, тәжірибе алмасу және олардың біліктілігін арттыру мақсатында ауылдық ҮЕҰ коалициясы құрылды, ҮЕҰ мен бастамашыл топтар арасында «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» шағын гранттар байқауы өткізілді. Байқаудың тұсаукесері 14 қыркүйекте Петропавлда өтті.
Байқау комиссиясының құрамына Солтүстік Қазақстан облысының аймақтық департаменттері, аймақтық ҮЕҰ өкілдері және бастамашыл азаматтар кірді.
«Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» шағын гранттық байқауы аясында үміткерлерге ауылдық жерлерде әлеуметтік жобаны жүзеге асырғаны үшін үш жүлделі орындарға 700 000 теңге, 600 000 теңге, 400 000 теңге көлемінде сыйлық берілді.
Микрокредиттерді жүзеге асыру 2019 жылдың 16 қыркүйегінен 16 қарашасына дейін 2 айға есептелген. Шағын гранттарды іске асыру нәтижелері бойынша жобаларды одан әрі қаржыландыру бойынша ұсыныстар жасалмақ.