Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Өскеменде төмен байытылған уран банкін құратын заң жобасы мақұлданды

123

Ел ядролық емес мәртебеге, ядролық циклдің бұл бөлігінде технологияларға және тәжірибеге, тиісті инфрақұрылымға, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің сеніміне ие болуға тиіс. Бұның барлығы Қазақстанда бар, ең алдымен жиналған тәжірибенің арқасында», – деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Министрдің сөзінше, Қазақстан ірі уран өндіруші және жоғары байытылған уранды төмен байытылған уран формасына қайта өңдеу мүмкіндіктеріне ие бола отырып, бейбіт ядролық энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға ниетті.

2011 жылғы 29 шілдеде Қазақстан өз аумағында төмен байытылған уран банкін орналастыру ниеті туралы ресми өтінімді халықаралық агенттікке жіберді. Өтінімде қарастыру үшін екі алаң ұсынылды, яғни Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты және бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағындағы №5 алаңы қамтылды. 2011 жылы 29 тамыздан 2 қыркүйек аралығында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің техникалық миссиясы қосылыған алаңдарды қарып, Үлбі металлургиялық зауытын таңдады. Бұл 65 жылдық тарихы бар кәсіпорын, оның 45 жылдан астам мерзімінде осындай материалмен жұмыс істеу тәжірибесі бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз