Қазақстанда автобандар мен магистральды жолдар бар. Бірақ жол ережесі көлік жылдамдығын сағатына 140 шақырымнан асыруға рұқсат бермейді.
Жалпы, көлікпен жылдам жүру – өте қауіпті. Соған қарамастан, жылдамдықты арттырып, тым қатты жүретін жүретін жүргізушілер бар.
Егер сіз сондай жүргізушілердің бірі болсаңыз, көлігіңіздің дөңгелегіне қараңыз!
Көлік дөңгелектерінде шекті жылдамдық индексі болады. Ол индекс дөңгелекте латын әріпімен белгіленіп тұрады.
Бәлкім, сіздің дөңгелеңіз сағатына 120 шақырымнан артық жылдамдықпен жүруге жарамайтын шығар?
Қысқасы, жолда абай болыңыз!
Бұл индекс дөңгелектің қандай максималды жылдамдыққа шыдайтынын көрсетеді. Жылдамдықты одан асыруға болмайды.
Аян Мырзабек