Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Сирияда өлім жазасына кесілген қыздың анасы оның қайтыс болғанына сенбейтінін айтты

8601

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Екі апта бұрын біздің елшілер Сирияда өлтірілген қазақстандық үш қыздың есімін жариялаған еді. Анасы сол кезде ғана қызының қазасы туралы естіген. Оның айтуынша, қызы радикалдық ағымның құрбаны болған. Тұрмыс құрғаннан кейін қатты өзгерген Гүлбану қызын тастап Сирияға аттаныпты.

Гүлжан Имашева үш жыл бұрын бір жарым жасар қызы мен күйеуін қалдырып, Сирияға аттанған қызы Гүлбану ойынан айнып, қайтып келеді деп сенген. Енді Гүлжан Гүлбану мен тағы екі қыздың Сирияда өлім жазасына кесілгенін біліп отыр.

«Соңғы уақыттарда ол қоңырау шалып, ақша сұрады. Сол жақта екі қызын дүниеге әкеліпті. Кішісі биылғы жылдың тамыз айында дүниеге келген. Оларға не болғанын білмеймін», – дейді анасы Гүлжан Имашева.

Еске сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Кавказдағы әйелдер ұйымы өлім жазасына кесілгендердің аты-жөнін жариялады. Оның бірі ақтөбелік Гүлбану (діни есімі УммМариям) мен  Дарина (УммМуса), тараздық Салтанат (діни есімі УммАтика).

Олар ақшаның жоқтығынан жауынгерлік алаңнан жасырын қашып кетпек болып, екі әйел мен баланы өлтірген. Сонымен қатар жауынгерлерді кәпір деп атапты. Сол себепті Сирияда өлім жазасына кесілген.

Гүлбанудың анасы мұның бәріне бұрынғы күйеу баласын кінәлап отыр.

«Қызымның бұрыс ағымның жетегінде кетуіне күйеуі себеп болды. Ол күйеуімен колледжде оқып жүрген кезінде танысты. Күйеуі қызыма түрлі уағыз айтып, қара түсті жабық киім киюге мәжбүрледі», – дейді Гүлжан Имашева.

Гүлбану Сирияға аттанар алдында өзінің барлық суретін жойған. Оның жалғыз суреті мектептегі құжаттарда сақталыпты.

Гүлбану колледжде бір ғана курс оқыған екен. Бұрынғы оқытушылары оның жақсы студент болғанын айтуда.

«Гүлбану Асанова бізде оқыған кезде өте жақсы студент болған еді. Жақсы оқыды. Алайда артынша тұрмысқа шығып, оқуын тастап кетті. Мінез-құлқы да өзгерді», – дейді Қандығаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің директорының орынбасары Мира Балымова.

Қайғыдан қан жұтып отырған Гүлбанудың анасы билікке үндеу жолдады.

«Депутаттар мен парламенттегілер, олардан (ред. радикалдық ағымдардың жетегінде кеткендерден) мемлекетті тазартыңдар. Тағы қанша адам өлуі керек? Олар жұмыс істемесе де отбасын асырап отыр. Қымбат көлікті қай ақшаға алады? Осыған неге қызығушылық танытпайсыздар? Неге олар заңға бағынбайды?», – дейді Гүлжан Имашева.

Анасы қызы қайтыс болғаны күннің өзінде оның мәйітін көре ала ма? Бұл сұраққа жауап берген Қоғамдық даму министрлігіндегілердің сөзінше, өкінішке орай, Сирияда ажал құшқан қазақстандықтардың денесін тауып, таныған жағдайлар болған емес. Әдетте жауынгерлердің әрекеттері жүргізіліп жатқан жерде адамдарды бауырластар зиратына жерлейді екен.

«Олардың қаншалықты қатысы бары, дұрыс жолдан тайғаны немесе алданып қалғаны, қолына қару алған-алмағаны анықталуда. Әрине, Сирияға аттанғандардың бәрін террорист деп айта алмаймыз.

Жан-жақты тексеріс жүргізілгеннен кейін ғана шешім қабылданады. Теологтардың пікірін, олардың Сирияға аттанғандағы мақсатын, әлеуметтік желідегі парақшасы мен оқыған діни әдебиеттері ескеріледі.

Бәрі сот тәртібі арқылы жүзеге асады», – дейді Қоғамдық келісім комитетінің төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз