Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Сирия бойынша келесі келіссөз Қазақстанда өтуі мүмкін

БҰҰ-ның Сирия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистураның айтуынша, ІV кезеңдегі келіссөз барысында Сирия оппозициясының басын біріктіруге үлкен мән берілді. Сириядағы шиеленісті саяси жолмен шешудің төртінші кезеңіне Астана процесі айтарлықтай дем берді. Мұндай пікірді араб еліндегі ахуалды реттеуге бағытталған Женевадағы келіссөзге қатысқандар айтты.

Стаффан де Мистура, БҰҰ-ның Сирия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі:

– Астана мен Женевадағы келіссөздер бір-бірін толықтырып, кездесудің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Сирияда оқ атпау режимін енгізу мен терроризмге қарсы күресте Астананың атқарған істерін бәріміз көрдік. Қақтығыстың тоқтауы жергілікті тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізуге жол ашады. Кездесуде Сирия үкіметі оппозицияға тұтқындарын алмастыру туралы ұсыныс жасады. Осыған қатысты барлық жұмыс Астанада талқыланатын болады.

Ал Сирия оппозициясының келіссөздері жөніндегі Жоғары комитетінің өкілі «Женева ІV» отырысынан мардымы нәтиже болмағанын мәлімдеді. Дегенмен елдегі қауіпсіздікті қалпына келтіру, барлық күшті террорлық топтарға қарсы жұмсау туралы сөз қозғалғанын атап өтті.

Наср әл-Харири, Сирия оппозициясы келіссөздер жөніндегі Жоғарғы комитет басшысы:

– Стаффан ди Мистура уақытша үкімет құру принциптері және Сирия болашағы туралы 12 пунктен тұратын БҰҰ құжатын ұсынды. Бұл ережелерді әу баста өзіміз жасағанбыз. Біз терроризмнің кез келген түріне қарсымыз.

Стаффан де Мистураның айтуынша, келіссөз барысында инклюзивті уақытша үкімет құру және жаңа конституция жасап, сол бойынша сайлау өткізу туралы мәселелерден бөлек лаңкестікпен күрес жайы да көтерілді. Бұл дегеніңіз – Астанада оқ атпау туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін терроризммен күресу үшін күш біріктіру жайын талқылауға мүмкіндік болады деген сөз.

БҰҰ-ның дерегінше, бүгінде Сирияда «Әл-Нусра» және «Ирак пен Леванттың лаңкестік ұйымы» атты екі ғана лаңкестік топ бар. Келіссөз соңындағы баспасөзде Де Мистура Астана прцесі бытыраған оппозициялық топтарды бір-біріне жақындастырғанын, сондықтан сириялықтарды қажытқан соғысты тек саяси жолмен шешілетінін атап айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз