Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сирияға кеткен қазақ әйеліне халықаралық іздеу жарияланды (фото)

Ақтөбе соты жұбайын із-түссіз жоғалды деп тануды сұраған қала тұрғыны Мирболат Жаманқұловтың шағымын қарады. Ер адамның айтуынша, әйелі осыдан үш жыл бұрын Алматыға кеткен. Одан кейін Қырғызстан асқан. Кейінірек ол жолдасына телефон соғып, Сирияда екендігін, жағдайының жақсы екендігін хабарлапты. Содан бері әйелден ешқандай хабар жоқ. Екеуі заңды некеге 2005 жылы отырған. Араларында 4, 8 және 12 жастағы кәмелетке толмаған үш бала бар. Алайда жұбайынан ажырасуды мақсат еткен Мирболат Жаманқұловтың шағымын сот қанағаттандырған жоқ.

– Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Ақмарал Алмағанбетоваға қатысты терроризм мен экстремизмді насихаттау, террористік топ қызметіне қатысу және діни алауыздықты қоздыру деректері бойынша іс қозғалған. Яғни, Қылмыстық кодекстің 174- бабының 1-ші, 256-бабының 2-ші және 257-бабының 2 бөлігі бо-йынша қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланды,-делінген облыстық баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Құқық қорғау органдары берген мәліметке сүйенсек, келіншек ел шекарасын жаяу кесіп өтіп, Қырғызстанға бағыт алған. Осының негізінде сот оны із-түссіз жоғалды деп тануға негіз жоқ деп тапты.

1477557003_5555

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз