Синоптиктер 13-15 ақпан күндеріне арналған ауа-райы болжамын жария етті.
Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы күндері республиканың кей жерлерінде қар, боран, ал оңтүстікте көктайғақ болады.
“Алдағы үш тәулікте жоғарғы циклондар мен онымен байланысты болатын атмосфералық фронттар Қазақстан аумағын кесіп өтеді. Кей жерлерге қар жауады, жел 15-20 м/с күшейіп, республиканың солтүстік жартысының кей жерлерінде боран соғып, оңтүстік жартысында көктайғақ болады. 14-15 ақпанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарына қалың қар жауады”, – делінеді хабарламада.