Синоптиктер 11-13 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жариялады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде қатты жел тұрып, қар жауады. Табиғаттың бұл қыңыр мінезі үш тәулік бойына сақталып, еліміздің батысынан солтүстік-батысқа, орталық пен шығыс өңіріне қарай ойысады.
Жылымық желдің салдарынан оңтүстік пен оңтүстік шығыста көктайғақ болады.