Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

Синофобия Қазақстанға миллион долларға түседі – политолог

171
М. Шибүтов

Бұл туралы оның Facebook-тегі жарияланымында айтылған.

“Қытаймен өзара іс-қимыл тақырыбын жалғастыра отырып, инвестиция мәселесін толығырақ сипаттап жазуға шешім қабылдадым. Ол үшін Ұлттық банктің 2005-2020 жылдардағы статистикасын алдым. Бұрын статистика басқа әдіс бойынша жасалатын, сондықтан оны жариялау мүмкін емес.

Инвестициялардың жалпы көлемі және олардан түсетін кіріс

Соңғы 16 жылда шетелдік инвесторлар біздің елге 326,5 млрд доллар салды, ал табыс ретінде 243,3 млрд доллар төлем алды. Шетелдік инвестициялардың мәні неде – теңгерім оң болуы үшін олардың ағымы елден шығатын инвестициялар мен табыстардан көп болуы тиіс. Сонда елде ақша көбірек қалады және бұл ақшалар қазіргі жұмыс істеп тұрған өндіріске емес, болашақтағы дамуға арналған ақша.

Көріп отырғанымыздай, жалпы алғанда, 2012 жылға дейін инвестициялар тек өсіп отырған, содан кейін құлдырай бастаған, кейіннен қалпына келтіріліп, ал 2020 жылы белгілі себептермен құлдырап кеткен – менің ойымша, осы бір жылға берілетін есепте 16-17 миллиард доллардан аса қоймайды.

Халық саны өсіп келе жатқан елімізде тұрақты инвестиция ағыны 25 млрд доллардан төмен болмауы тиіс. Әйтпесе бұл төлем балансын нашарлатады және теңгенің девальвациялануына әкеледі. Бұл елдің барлық азаматтарының табысына әсер етеді.

Қазақстанға қай елдер және қанша қаражат салды

Егер мемлекеттер бойынша алатын болсақ, соңғы 16 жыл ішінде 5 негізгі инвестор 326,5 миллиард инвестицияның 218,6 миллиардын салды –

бұл Нидерланды (іс жүзінде корпорациялардың түрлі бірлескен жобалары), АҚШ, Швейцария, Қытай, Франция және Ресей

Олардың ішінде Қытай 19,5 миллиард доллармен 4-ші орында, және көріп отырғанымыздай жалпы инвестиция қарқыны төмендеп барады. Бұл жақсы емес, яғни Қытай инвестициясы ешқандай да кеңеймеген. Мұнда сауда жағынан да ынтымақтастықтың төмендеуі байқалады. 2021 жылы және одан кейінгі уақыттарда инвестиция қалпына келе ме – белгісіз.

Қытай инвестициялары

Егер Қытай инвестицияларының қарқынын және олардан түсетін табысты алатын болсақ, онда жылына 1 миллиард доллардан астам қарқынды инвестициялар 2009 жылы басталғанын көруге болады – естеріңізде болса, Қытай сол кездері біздің дағдарыстан зардап шеккен экономикамызға қолдау білдірген болатын.

Бірақ 2012 жылдан бастап жалпы инвестициялардың төмендегені байқалады – бізде айтарлықтай қаражат салуға мүмкіндік беретін соншалықты үлкен жобалар әзірше жоқ. Әрине, оған экономикадан басқа, саяси мәселелер де әсер етеді.

Синофобия бізге жүздеген миллион долларға түсуі мүмкін – бұл ақшаны Қазақстанның орнына Өзбекстан немесе басқа елдер алуы ықтимал. Бұл ретте олар өз тауарларының өндірісін ұлғайтып, біздікімен бәсекеге түсетін болады.

Кез-келген шетелдік инвестиция – кейіннен экономиканың ұзақ мерзімді артықшылығы болып табылады және одан бас тарту ақылға сыймайды

Ең тиімді инвестор кім

Егер салымдарының тиімділігі бойынша салыстыратын болсақ, онда шетелдік инвестициялардан түсетін барлық табыстың жалпы алғанда 93,3%-ын алатын 9 инвестор-ел бойынша қарауға болады.

Қытай нешінші орында? Инвестиция көлемі бойынша да 4-орында. Инвестицияның 6% үлесінде табыстың 5,5%-ы солардікі. Салыстыру үшін басқа елдерді алайық —

АҚШ, Канада, Ұлыбритания инвестиция салуға қарағанда табыстың әлдеқайда көбін алады

Бұл олардың үлкен көлемде инвестиция жасауды ертерек бастағандығымен, сондай-ақ инвестициялау талаптарымен де байланысты – олар табиғат жағдайлары мен жоба шарттары келісімдерінің арқасында ең жоғары табысты жобаларға инвестиция салған. Олар тек пайдалы қазбаларды өңдеусіз өндіруге салатындығын айтпағанда.

Сондықтан, “қорқынышты Қытай экспансиясы” туралы әңгімелер, шындығын айтатын болсақ, асыра сілтеу. Қытай біздің көршіміз, сондықтан бұл да қорқынышты дейтіндер – Қарулы күштері дамыған, кез-келген жерде өз мүддесін қорғай алуға мүмкіндік беретін ұшақ, зымыран мен ядролық қару болмаған 19 ғасырда өмір сүріп жатқан ақымақтар»,

— делінген постта.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз