Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

СІМ: Сирияда өлім жазасына кесілді деген үш қазақстандыққа қатысты ақпаратты тексеріп жатыр

“Қазір сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Мұндай оқиғаның болған-болмағанын анықтауымыз керек, өйткені әзірге дереккөз расталған жоқ. Бұл белгілі бір уақытты алады”, — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Ол Сирия аумағында заңды-заңсыз жүрген қазақстандықтармен байланысты мәселелер Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне тапсырылатынын айтты. Себебі ол Қазақстанның Сириядағы елшілігі қызметін қоса атқарады.

Еске сала кетсек, өткен аптада бірқатар БАҚ-та Сирияда үш қазақстандық әйел содырлардың қолына түсіп, өлім жазасына кесілгені хабарланған еді.

Онда үш қазақстандық әйел отандастарын өлтіріп, ақшасын тартып алмақ болғаны айтылған. Қаза болғандардың арасында жеті жасар бала да бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз