Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

СІМ АҚШ-тың сұранысымен ұсталған екі қазақстандық туралы пікір білдірді

«Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның екі азаматы, Америка Құрама Штаттарының сұранысымен, біреуі Эстонияда, біреуі Малайзияда қамауға алынған. Қазіргі таңда олар экстрадицияға дайындалып жатыр. Өйткені тергеу жұмыстары АҚШ территориясында болады», – деді Айбек Смадияров.

Нью-Йорк прокуратурасының сұранысымен, Қазақстан азаматтары Овсянников пен Тимченко 2018 жылдың қазанында ұсталды. Оларға және Ресей Федерациясының 6 азаматына 36 миллион доллар көлемінде кибералаяқтық жасалды деген айып тағылып отыр.

Америкалық прокуратураның хабарлауынша, Қазақстан азаматтары мен ресейліктер бірнеше жыл бойы интернет-боттар, жалған парақшалар, сонымен қатар тапсырыс берушілерге жарнамаларын көп қаралым жасап береміз деп вирустық бағдарламалық қамтамасыз етіп отырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз