Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Сифилис бола берсін!”. Жақсылық Досқалиев донор тапшылығы мәселесін көтерді

209

Мәйіт донор саны тым аз, ал кезек күтіп отырғандар саны ай сайын өсіп келеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мұндай мәселені Астана мен Алматы, Шымкент, Ақтөбедегі трансплантация орталығы анықтап отыр. Сондықтан осы орталық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, жұқпалы дерті, созылмалы ауруы бар адамдардың да ағзасын пайдалануға рұқсат сұрап отыр. Яғни, мәйіттік донорды тиімді пайдаланып, жұқпалы ауруларды емдеу жолын қарастыру ұсынылды.

«Елімізде трансплантация дамып жатыр. Бірақ мәйіт донор тапшы. Біріншіден, 100 донор анықталса, оның 70 пайызының ағзасы жарамсыз болып шығады.

Биыл 42 мәйіт зерттелсе, содан тек тоғыз адамның ағзасы алынды. Өзгесі инфекция болған соң алынбады. ВС гепатиттері, сифилис, туберкулез анықталды.

Заң бойынша біз ол адамдардың ағзасын алып, кезек күтіп жатқан адамға сала алмаймыз. Дамыған елдер мұндай ағзаны алып-салуға мүмкіндік береді. Келер жылдан бастап біз де осы әдісті қолдануымыз мүмкін.

Заң қазір Парламентте талқыланып жатыр», – деді трансплантолог Жақсылық Досқалиев.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, қазіргі күні елімізде 2250 адам – бүйрек, 450 адам – бауыр, 150-ге жуық адам – жүрек ауыстыру отасын күтіп жүр. Ал 10-ға жуық адам жасанды тыныс алу аппаратына қосулы жатыр. Оларға өкпе ауыстыру қажет.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске балалардың ағзасын ауыстыру туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Қазір мұндай отаны мемлекет өзге елге тапсырыс беріп, жасатып жүр. «Балаларға да мәйіттік донорды пайдалануды көздеп отырмыз.

Қазақстанда бүйрек, бауыр, жүрек ауыстыруды қажет ететін балалар бар. Қазіргі кезде салмағы 5 келіден асатын балалардың ағзасын ауыстыру отасы елімізде жасалып жүр. Өзгесін шетелде жасатады», – деді Жақсылық Досқалиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз