Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстандықтар шын мәнінде қанша табыс табады — зерттеу

257

Жалпы алғанда, 2020 жылдың 1 тоқсанында қазақстандықтардың табысы аз ғана пайызға өсті. Карантиндік шаралар табысқа теріс әсер етті, пандемияның ең бастапқы кезеңіне талдау жүргізілді.

Бұл туралы авторлар «2020 жылдың 1 тоқсанындағы ҚР халқының табысын талдау» жұмысында жазады.

Өсім бар, бірақ бұрынғыға қарағанда төмен

2020 жылдың 1 тоқсанында халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы 177,4 мың теңгені құрады. Инфляцияны ескере отырып, 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 1,4% – ға өсті.

Азаматтар табысының өсу қарқыны баяулаған. 2018 жылдың 4 тоқсанында өсім 11,3% болды (2017 ұқсас тоқсанмен салыстырғанда), ал 2019 жылдың соңғы тоқсанында – небәрі 8,1%.

 

Кірістер құрылымы келесідей:

  • 59,2% – жалдамалы жұмыстан түскен табыс,
  • 27,8% – әлеуметтік трансферттер,
  • 9,3% – өзін-өзі жұмыспен қамтудан немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс,
  • 3,7% – өзгелері.

2019 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жалдамалы жұмыстан түскен табыс үлесі төмендеген, әлеуметтік трансферттер үлесі 4,4%-ға өсті. Ал дербес немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар 0,9%-ға артты.

— Әлеуметтік трансферттер үлесінің артуы 2019 жылы базалық зейнетақы мөлшерін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап  67%-ға ұлғайту арқылы мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдау шараларына назар аударуына байланысты болса керек. Сондай-ақ, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс біліктілігі бойынша оқитын студенттердің шәкіртақыларын 30%-ға көбейтті, — деп жазады авторлар.

Олардың айтуынша

төтенше жағдай мен карантин кіріске теріс әсер етті

Көптеген жұмыс берушілер қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберіп қана қойған жоқ, сонымен қатар жұмыстан да шығарды.

Орташа табыстың басым бөлігі астанада

Абсолюттік мәндерде 2020 жылғы 1 тоқсанда халық табысының құрылымы мынадай:

  • жалдамалы жұмыс – 105,1 мың теңге,
  • әлеуметтік трансферттер – 49,3 мың теңге,
  • өзін-өзі жұмыспен қамтудан немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер – 16,5 мың теңге,
  • басқа кірістер – 6,6 мың теңге.

Егер өңірлік бөліністе алатын болсақ, ең жоғары орташа табыс Нұр-Cұлтан қаласында — 241,6 мың теңге болып отыр. Ең азы – Түркістан облысында – 102,8 мың. Тек Алматы (3,4%) мен Түркістан облысында (1,1%) кірістер қысқарды. Зерттеушілер мұны халық санының тез өсуіне және табыс көздерінің жетіспеушілігімен байланыстырады.

Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында кірістің ең жоғары өсімі тиісінше 15,5% және 15%-ды құрады.

Маңғыстау және Атырау облыстарында жалдамалы жұмысшылар көп (тиісінше барлық табыстардың 77,8% және 72,1%). Бұл көрсеткіш  СҚО мен Түркістан облысында ең төменгі деңгейде (тиісінше 46,3% және 42,5%).

— Түркістан облысында өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс өңірдің барлық табысының 30,4%-ын құрайды.  2020 жылғы 1 тоқсанның деректері бойынша Түркістан облысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны ең жоғары деңгейде—   361,5 мың. СҚО-да кірістердің 42,4% – ы әлеуметтік трансферттерден (зейнетақыны қосқанда) қалыптасқан, – дейді сарапшылар.

СҚО-да зейнеткерлердің саны көп – 19%-ға жуық (2018 жылғы деректер бойынша). Бірақ атаулы жалақы елдегі ең төменгі деңгейде. 2020 жылдың 1 тоқсанының деректері бойынша барлығы 141,7 мың теңге.

Жалдамалы жұмыстан түскен табыс 2020 жылдың 1 тоқсанында 105,1 мың теңгені құрады. 2019 жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 2%-ға өсті. Ақшалай баламада ең көп көрсеткіш Маңғыстау облысында – 163,6 мың теңге, ал ең азы Түркістан облысында (43,6 мың теңге).

— Барлық өңірлерде жалдамалы еңбек табысы өсті. Тек оңтүстік өңірлерде төмендегені байқалады, атап айтқанда Шымкент қаласында 24,9%-ға, Алматы қаласында — 9,2%-ға және Түркістан облысында — 0,2%-ға қысқарды, — деп атап өтті авторлар.

Әлеуметтік жәрдемақылар өсті

Өзін-өзі жұмыспен қамтудан (немесе кәсіпкерліктен) түскен табыс 2019 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2,4%-ға төмендеді. 2020 жылдың 1 тоқсанында олар орта есеппен жан басына шаққанда 16,5 мың теңгені құрайды. Ең жоғарысы Шымкентте (32,4 мың), ал ең азы Атырау облысында (7,5 мың теңге).

Ақтөбе облысында барынша төмендеген (39,1%-ға), ал Шымкент қаласында (78,2% – ға) барынша көтерілген.

— Ұзақ мерзімді перспективада өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстың өскеніне қарамастан,

қазіргі құлдырау елдегі төтенше жағдайды енгізудің салдары болуы мүмкін,

— деп болжады авторлар.

Әлеуметтік трансферттер 2019 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 27,5%-ға ұлғайып, 2020 жылдың 1 тоқсанында 49,3 мың теңгені құрады. Ең жоғары әлеуметтік трансфертті СҚО (79,9 мың), ал ең азын – Түркістан облысында (27,4 мың теңге) алады. Өсім барлық өңірлерде орын алды, бірақ ең үлкені — Шымкентте (65%).

—  Жалпы алғанда, халықтың әлеуметтік трансферттерден түскен табыстары қарқынды өсуде, бірақ 2020 жылдың 1-тоқсанында кірістерде күрт серпіліс болды. Салыстырар болсақ, 2019 жылдың 4 тоқсанында кірістер 42,4 мың теңгені құрады, — деп атап өтті зерттеушілер.

Коронавирус бұнда өз ізін қалдырды

Ең жоғары табыс

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ өнеркәсіптік дамыған Қарағанды және мұнай өндіруші Маңғыстау облыстарында

Ең төменгі табыс оңтүстіктегі ауылшаруашылығымен айналысатын өңірлерінде тіркелген.

— Алматы мен Түркістан облысын қоспағанда, 2019 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда халықтың табысы барлық өңірлерде өсті, бұл осы өңірлердегі халықтың өсуінің салыстырмалы төмен болуымен байланысты болуы мүмкін, — деп санайды авторлар.

Ұзақ мерзімді кезеңде сипатталған үш көзден алынған кірістер жалпы республикалық деңгейде табыстың  өскенін көрсетеді. Бірақ пандемия адамдардың табысына өз әсерін тигізбей қоймады.  Мысалы, өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс төмендеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз