Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-13
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Шымкенттік студент күріш қауызынан аккумулятор жасауды ойлап тапты

Ілиястың айтуынша, оған нәбері 10 мың теңге ғана жұмсалады. Биологиялық батареялар соған қарамастан кемінде жарты жылға жарайды. Бұл күн мен жел энергиясын өндіру қондырғысынан  бағасы жағынан да әлдеқайда арзан екенін айтқан студент өз жобасының басты бірнеше артықшылығы барын айтты.  Ілияс Мұрат, өнертапқыш:  Бұл жерде айта кететін, инновациясы бұл күріштің қауызын ыдырату кезінде  химиялық энергияны тікелей электр энергиясына ауыстырдық. Бұл дегеніңіз – кез келген осы жел қондырғылары және де күн батареяларында алдымен сол алынып жатқан энергияны бір жерге аккумуляторға  жинап, одан кейін ғана өндіріске енгізеді. Ал біздің жасап шығарған биологиялық батареяларымыз бұл дайын аккумуляторлар, яғни ұзақ мерзімді жұмыс жасайтын аккумуляторларды дайындап шығардық.

Айта кетейік, күріштің қауызынан қуат көзін алушылар өзге елдерде де бар. Бірақ Ілиястың жобасының артықшылығы – ондағы қалдықтардың қоршаған ортаға зиянсыздығында.  Яғни қолданыстан шыққан жағдайда оны тыңайтқыш ретінде қолдана беруге болады екен. Жас өнертапқыштың бұл жобасы жуырда кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өткен байқауда бас жүлде алып, 1 млн теңгені ұтып алды. Қайтарымсыз қаражатты өнертапқыш өз жобасын жүзеге асыруға жұмсайды.

“Бұл инновациялық жоба болғандықтан, кәсіпкерлер палатасы  оның бизнес жоспарын түзіп, жобаны қолданысқа енгізуіне дейін толық бақылауда ұстаймыз. Қондырғылар іздеу, инвестор тартып, қосымша қаржы көзін табу жағынан да жәрдемдесеміз. Бұл экологиялық зиянсыз жоба болғандықтан, аталған жобаға мемлекет тарапынан да қызығушылық болады деген сенімдемін”, – дейді  ОҚО кәсіпкерлер палатасының бас маманы Мадина Тұрсынбекова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз