Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Шымкенттік белсенділердің митинг өткізуіне тағы рұқсат бермеді

– Қала әкімдігі бұл жолы да митинг өткізуімізге келісім бермеді. Меніңше, жергілікті билік белсенділер митинг барысында жер дауын көтереді деп алаңдайды. Рұқсат бермей, сылтау табатынының бір себебі осында болуы керек, – дейді ол.

Қала әкімінің қаулысына сілтеме жасаған әкім орынбасарының жауабында «8 қазан күні Абай саябағындағы «Даңқ» мемориалында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорттық флешмоб өтуіне байланысты» митинг өткізуге рұқсат бере алмайтыны айтылады. «Сондықтан митинг өткізу туралы өтінім қанағаттандырылмасын» делінген жауап хатта.

Ибрахим Әлсеркенің пікірінше, қала әкімдігінің флешмоб өтуіне байланысты рұқсат бермеуі – “сыныққа сылтау ғана”.

– Қала аумағында митинг өткізуге 6 жерге рұқсат берілген. Егер әкімдік митинг өткізуге қарсылық танытпаса қалған 5 орынның бірін ұсынатын еді. Жергілікті билік өтінішімізді қабыл алмаса да, біз рұқсат сұрауды тоқтатпаймыз. Келесі жолы тарифтердің көтерілуіне байланысты митинг өткізуге рұқсат алуға өтініш тастаймыз, – дейді ол.

Шымкенттік белсенділер бұдан бұрын жер дауына, Конституциясы күніне орай митинг өткізуге рұқсат сұрағанымен, қала әкімдігі әртүрлі себептермен келісім беруден бас тартқан.

28b0e2d5-859f-4278-974d-b472eb44a161_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз