Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Педофилмен кездестірмесін!”. Шымкентте бала зорлай жаздаған айуанға қатысты мамандар дабыл қақты

https://kaz.365info.kz/zhagdajy-khiyn-zorlandy-degen-11-zhasar-bala-turaly-tyn-derek-shykhty-323022

«Оқиғадан бір аптадан кейін күйеу балам қайтыс болып кетті. Жүрегі көтермеген. Мұндайды ешкімге де тілемеймін», – дейді баланың әжесі.

Сондай-ақ, ол баланың әкесі отбасындағы жалғыз асыраушы болғанын айтты.

Марқұмның әйелі үш баласымен жесір қалды әрі төртінші баласына аяғы ауыр. Туыстарының айтуынша, ер адам жалғыз өзі табыс тауып, отбасын асыраған.

Видеоны таратқан адамға да полиция іздеу салып отыр, ол “жәрдемдескісі” келгені үшін жазаға тартылады.

https://kaz.365info.kz/sagyntaevkha-kharamajmyn-65-million-euroga-yj-algan-khazakhstandykh-akhyry-tabyldy-324407

Ал педофил қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр. Құрбан бола жаздаған бала онымен бетпе-бет кездесіпті. Бұл кезде баланың жанында психологтар болған.

Сараптама нәтижелері әзірге дайын болмаған. Алайда баланың анасы мен әжесі педофилді барынша қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр.

Баламен әлі де психологтар жұмыс жасап жатыр. Олар баланы қылмыскермен кездестіріп, психологиясын бұзбауға кеңес берді.

«Мүмкіндігінше, ол адаммен кездеспеуі керек. Және баланы мұндай кездесулерге дайындап апару қажет. Бұл дайындық бірнеше кезеңнен тұрады. Оған бір күн емес, бірнеше апта қажет», – дейді психолог Гүлжан Вероцкая.

https://kaz.365info.kz/zhagdajy-khiyn-zorlandy-degen-11-zhasar-bala-turaly-tyn-derek-shykhty-323022

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз