Астана
Қазір
0
Ертең
0
USD
366.43
0.00
EUR
420.11
0.00
RUB
5.58
0.00

Шымкентте жол ортасында тыр жалаңаш жүрген қыздың кім екені белгілі болды (видео)

Әлеуметтік желіде көшедегі көліктер ағынына қарамастан жол ортасында жалаңаш жүрген қыздың кім екені белгілі болды. Ол Шымкентке келген 22 жастағы қыз боп шықты.

Оқиға түс кезінде 10 мамыр күні орын алған. Лыпасынан басқа киімінің бәрін шешкен қыз жол ортасына шығып көліктерді тоқтатпақшы болады. Бұл жайт туралы жергілікті ішкі істер басқармасына қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшыларын көрген қыз олардан қашпақ болып әрекеттеніпті.

https://kaz.365info.kz/koshede-tyr-zhalanash-zhyrgeni-nesi-261576

ОҚО ІІД хабарлағандай,

оқиға орнына жеткен экипаж патрулі біртүрлі қызды психдиспансерге жеткізген. Кейін белгілі болғандай, ауруханадан ол қызды ата-анасы келіп алып кетіпті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1996 жылы туған бойжеткен бұған дейін психдиспансерде тіркеуде болмаған, сондықтан оның ата-анасына хабарласқан.

https://kaz.365info.kz/ne-boldy-eken-bankke-tyr-zhalanash-khyz-kirip-keldi-268942

Ал 22 жастағы қыздың туыстары ауруханаға келіп, оны алып кеткен. Қыздың психикалық жағдайын тереңдеп тексеруден бас тартқан.

Дəрігерлер өз кезегінде адамды күштеп тексере алмайтындарын айтады. Сондықтан оны бостауға тура келген.