Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкентте жаяу қалған шенеуніктерге қызметтік көліктері қайтарылды

Әкімдіктегі автотұраққа бүгін жан бітті. 30 күн бойы жұмыссыз қалған жүргізушілер бір-бірімен табысып мәре-сәре. Жұмыс істемесе де жарты айлық алған олар бір ай бойы орнынан қозғалмаған темір тұлпарларын айналып қарап, шаңын сүртіп, мемлекеттік нөмірлерін тағып, әуреге түсіп жатыр.

Шенеуніктер де қуанышты. Бірақ, қарапайым қызметкерлер алдында сыр білдіргісі келмеген болар әйтеуір жақындай қоймады. Олар қоғамдық көлікке мінгенін және онда көргенін айтумен болды.

«Бір жүргізушіге айтқам автобус ішінде темекі шегуге болмайтынын. Билет беру қажет екенін ескертпе жасағам. Енді мен жүргеннен кейін билет тарататын болды»,-дейді Шымкент қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов.

Шымкенттің қоғамдық көліктеріне қатысты шағым үзілген емес. Үнемі жасалатын шенеуніктер мен полицейлердің рейдтері айтарлықтай нәтиже бермеген соң әкім боп тұрған шағында Ғабидолла Әбдірахымов 116 атқамінердің қызметтік көлігін қаңтарып қойып, автобусқа отырғызған. Ондағы мақсат – шенеунік қарапайым халықтың күйін басынан өткізіп, автобустардағы былықты көзбен көруі керек.

«Шымкент тұрғындарының шағымдары бойынша 5 көлік компаниясымен келісім-шарт үзілді.  Шағымдардың басым түрі мынау кешкі уақыттарда қоғамдық көліктер жүрмейді деген және кондукторлардың мәдениеті дөрекі, сол мәдениеттер сақталмайды және билет берілмейді деген»,-дейді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы  Әйгерім Жұмағұлова.

Шымкенттік шенеуніктер қоғамдық көліктердің талай түйткілін шешіп тастадық деп масайрағанымен жұрттың пікірі әрқалай. Бірі расында бір ай ішінде тәртіп орнады десе, көбі көзбояушылық қана дейді. Себебі, автобустарда әлі де тәртіп аз. Оның үстіне ақ жағалылардың бәрінің бірдей күнде қоғамдық көлікпен жүргеніне еш кепілдік жоқ.

116 қызметтік машинаны қаңтарып қойып, бензинді де үнемдедік, қоғамдық көліктердің де мәселесін шештік деген шымкенттік шенеуніктер бұл шараның нақты қорытындысы желтоқсанда шығады деп отыр.

Әзірге қалада 20-дан аса жаңа бағыт ашылып, тағы 100 автобус алынбақ екен. Егер ақ жағалылар автобусқа отырған мерзім ішінде қоғамдық көліктердің мәселесі шынымен реттеліп жатса, онда жұрт әкімнен шенеуніктердің қызметтік машиналарын жиі қаңтарып қоюды өтінбекші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз