Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкентте қылмыс әлемінің серкесі 13 жылға сотталды

144

Тергеудің пайымы бойынша, Жүсіпбек Бартікеев бір кәсіпкерді күштеп, сотқа арызданушыдан 7 млн теңге қарыз сұрауға мәжбүрлеген, сонымен қатар одан ол 10 мың доллар талап еткен.

«Екі кәсіпкер бірігіп, бизнес жүргізбек болады. Бірақ ашқан кәсіптерінің тасы өрге жүрмей, банкротқа ұшырайды, ал ортақ қарыздары сол күйі қалады. Екеуі қарызды төлеуді бір-біріне сілтейді. Ақыры біреуі қашып кетеді. Оны ұстау үшін екінші кәсіпкер кісі жалдайды. Сол кезде қашқан кәсіпкер қылмыс әлемінің серкесінің көмегіне жүгіну үшін алдына келеді,- дейді судья.

Қылмыстық іс 15 томнан тұрады. Сот Бартікеевті 13 жылға бас бостандығынан айырды, ал оның екі сыбайласы – Серік Жапашев 11 жылға, ал Мұхамеджан Орманов 6 жыл 8 айға сотталды. Алайда айыпталушы тараптың туған-тусытары сот үкімімен келіспеді.

«Бұл жігіттердің кінәсі не? Оларды бопсалады деп айыптайды, оған дәлел жоқ қой, керісінше олар дүрдараз екі кәсіпкерді татуластырмақ болды. Ал оларға өте қатаң жаза кесті, артында қараусыз бала-шағасы қалып барады»,- деді Ормановтың атасы Оспанәлі Орманов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз