Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкентте үйлену тойында атыс болып, бір адам зардап шекті

Төбелескендердің бірі травматикалық қарумен қонақтың біреуіне бірнеше рет оқ атып, маңдайы мен ішінен жарақаттаған. Сол сәтте тағы біреу зардап шегушінің артынан келіп кеуде тұсына пышақ сұғып алған.

Қару қолданған жігіттер кейін «Мазда» көлігімен қылмыс болған жерден бой тасаламақ болған. Алайда, олар оқиға орнына келіп жеткен полиция департаментінің арнайы көлігімен соқтығысқан.

Зардап шегуші қалалық ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Полиция қызметкерлері төбелескендердің барлығын анықтап, күдіктілерді ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз