Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Шымкентте толассыз жауған жаңбыр үйді опырып түсірді

Оқиға түнгі сағат 3-00-дер шамасында болған. Екіқабатты тұрғын үйдің ішінде бір емес, ағалы-інілі қос отбасы мүшелері шырт ұйқыда жатқан. Ескі үй шыдас бермей, жермен жексен болғанда көршілердің де зәре-құты қашыпты. Себебі, қатты дауыстан олар да оянып кеткен.

«Дереу далаға жалаңаш жүгіріп шығып, әйтеуір көршілер болып балаларды үйден алып шықтық. Ешқайсысы зардап шекпеді абырой болғанда. Құдай бетін аулақ қылсын. Мына үйлердің барлығы құлайын деп тұр»,- дейді көршісі Кәрима Әбдікәрімова.

Алты баламен далада қалған қос отбасы қазір көрші-қолаңды паналап отыр. Олардың өздерінің жағдайы нашар. Бір кездері апатты деп танылып, сүрілуі тиіс болған ескі үйде тұрады.

«Алты баламен далада қалдық. Құжаттарды ғана алып үлгердік. Барлық заттарымыз сынды. Қирады. Енді мынау әкімшілік көмектессе,- деген өтінішіміз бар», – дейді үй иесі Нұрай Қуандықова.

Мұндағы тұрғындардың сөзінше, Қошқарата өзенінен аққан су үй қабырғасын жарып шыққан. Содан қабырғалар үгітіліп, баспана құлап қалды. Осы көшедегі өзге үйлердің де жағдайы осындай кез-келген уақытта құлап қалуға шақ қалып тұр. Жаңадан салып алайын десе сәулет-құрылыс басқармасы рұқсат бермейді, дейді.

«Әкімшілікке талай рет бардық. Осыдан екі-үш жыл бұрын бұл үйлер сүріледі деген. Бірақ, содан кейін хабар жоқ. Міне, мынаны көріп тұсыздар ма, екі арнада аққан су үй қабырғасын жарып шыққан. Үйдің газ жүйесіне қосылмағаны қандай жақсы болды. Әйтпесе күлі көкке ұшар еді», – дейді көше төрайымы Клара Меңдікеева.

Айтпай келген апаттың шығын мөлшерін қазір арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз