Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шымкентте танымал кәсіпкер полицейлерді ұрып, ауздарына арақ құйған

«Бекеев мені баняға шақырды. Кішкене кешіктім. Барсам күзетшілер 2 полицейді байлап ұстап отыр. Бекеев оларды ұрып жатты. Сосын ауыздарына арақ құя бастады. Мен одан доғаруын сұрадым. Бірақ мені тыңдамады», – деді сотта куәгер.

Бұл оқиғадағы басты куәгер сотталушының досы болып шықты. Куәгердің айтуынша, 2014 жылдың наурызында Бекеев одан 100 мың доллар қарыз алған. Бірақ оны қайтарудан бас тартқан.

«Мен полицияға арыз жаздым. Оған куәгер де бар. Мен Бекеевтен бір емес, бірнеше рет ақшаны қайтаруын сұрадым. Бірақ ол бас тартып, дәлелдей алмайтынымды айтты», – деді куәгер.

Сонымен қатар, Бекеев күзетшілеріне бірінші келген полцейлерді «Нива» көлігімен ұрлап, басқа полиция шақыруды бұйырған. Сондай-ақ өзінің ұзақ уақыт тергеушілерге жауап бермеу себебін түсіндірді.

«Неге органдарға полицейлерді ұрғанын 2009 жылы айтып, хабарламадыңыз?», деген сұраққа «Бекеев бұл іске араласпауымды және онымен өзі айналысатынын айтты», деп жауап берді.

Дегенмен сотталушы тарапы сол күні кәсіпкердің баняға кірмегенін және мұны дәлелдеу үшін тағы 3 куәгер керектігін айтты.

Жәбірленушілер мен прокуратура қалған куәгерлер сотталушының достары болғандықтан, олардың жауабы есептелмейтінін айтты.

Мықтыбек Бекеевке үш бап бойынша айып тағылуда.

 

Дереккөз: Stan.kz 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз