Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шымкент зауыты қоқыстан жылу мен электр энергиясын өндіретін болады

Өндіріс тәулігіне мың тонна қоқыс жағады. Қазір құрылысқа қажетті жер белгіленіп, инфрақұрылым тарту мәселесі қаралып жатыр. Ал, өткен жылы іске қосылған тағы бір қоқыс өңдейтін зауыт қазір тоқтап тұр. Қала басшылығы бұл кәсіпорын таяуда қайта іске қосылатынын айтады.

«Осы екі зауыт толық қуатына көшкенде қоқыс жинайтын полигон жабылатын болады», – дейді мамандар. Қазіргі уақытта қаладан күн сайын 500 тоннаға жуық қоқыс шығарылады.

Бейсенбек Жанбосынов, қала әкімінің орынбасары:

– 25 гектар жер бөлу және де инженерлік жүйені электр және жылу жүйелеріне жақын орналастыру мәселесі қойылған болатын. Осы мақсатта біз бүгінгі таңда 3 энергоорталық төңірегінен 25 гектар жерді болжамдап, қазір зерделеу-зерттеу жұмыстарын атқарып жатқанымызды айта кеткім келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз