Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Шымкентте көршісінің 13 жасар ұлын зорлаған еркек сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 1991 жылы туған жігіт көршісінің 13 жасар ұлына жыныстық сипаттағы зорлық жасаған. Қарабұлақ ауылында тұратын 27 жастағы жігіт үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып жасөспірім ұл баланы құшақтап, сүйіп, арам пиғылын іске асырған.

ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында аталған жәйт бойынша қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындамаған. Алайда сот медициналық сараптама нәтижесінде кінәсі дәлелденіп, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни кәмелетке толмаған тұлғаға жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткені үшін айып тағылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз