Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкентте көпқабатты үйде жалғыз қалған сәби улы газға тұншығып қалған

Оқиға орнына 5 өрт сөндіру көлігі мен оннан астам қызметкер дер кезінде жеткенімен, жалындап жатқан үйге жақындауға аулада бей-берекет қойылған көліктер тосқауыл болған. Жете сала подъездегі жұрттың бәрін қауіпсіз жерге көшірген мамандар бірнеше тұрғынға медициналық көмек те көрсетіпті. Өкініштісі сол, улы газға тұншыққан 5 жасар баланы ауруханаға жеткізгенімен ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. Бұл қайғылы жағдайға үй ауласында көліктердің сығылысып тұруы да себеп дейді тұрғындар.

“Біз шақыртқан скорая помощь біздің дворға сразу кіре алмай қалды. Мына біздің дворға кіретін жолымыздан машиналар тұрып қалды. Содан, сол кедергі болды скорый помощқа сразу келіп мына балаға жәрдем беруге.  Ешқандай не газда жоқ, газовый баллонда жоқ, не колонка да жоқ. Именно короткий замыканиеден, телевизордан кеткен зат”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлнар Нұрмұхаметова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз