Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шымкентте қызы анасы екеуінің жанжалына араша болған әкесін пышақтап тастады

«Науқастың түскен кезде жағдайы ауыр болды. Ішінің оң жақ тұсынан кесілген дене жарақатын алған. Ота кезінде науқастың ащы ішегінің 3 жерінен кесілген жарақаты, ішке қан кету диагнозы анықталып, қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр бірқалыпты», – дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Сұмдық оқиға науқастың өз шаңырағында болған. 3-ші қаңтар күні күндізгі 12-лер шамасында жұмыстан үйге келген отағасы жұбайы мен баласының жанжалының үстінен түскен. Осы сәтте қызының қолындағы ас үй пышағы анасының емес әкесінің денесіне кірген.

Ал құзырлы орган аталған факті бойынша тергеуді бастап кетті.

«Онда Н есімді азаматша өзінің әкесі Н есімді азаматқа абайсызда пышақпен дене жарақатын салғаны анықталды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 106 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде», – дейді Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық ІІБ бастығының орынбасары Ердәуіт Ниязов.

Ал әкесіне пышақ жұмсаған қыз бір жыл бұрын күйеуімен ажырасқан көрінеді. Соңғы уақытта кішкентайымен бірге төркінінде тұрып жатыр екен. Бірақ оқиға болған үйде бүгін үлкендер болмады. Ал қызы әкесінің хәлін сұрап әлі ауруханаға да бармаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз