Шымкент қаласында 24 маусымда ернгізілген карантиндік шектеу шаралары ең кем дегенде 20 шілдеге дейін ұзартылады.
Автосалондар, азық-түліктік емес сауда объектілері, СОСО, СО және т.б., химиялық тазалау, кір жуу орындары, шеберханалар, ательелер жұмыс күндері сағат 9-дан 18-ге дейін жұмыс істейтін болады, демалыс күндері жұмыс істемейді.
Барлық базар, азық-түлік және азық-түліктік емес, көтерме сауда жұмыс күндері сағат 6.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі, жексенбіде жұмыс істемейді.
Жазғы алаңдар жұмыс күндері ғана сағат 9-дан 21-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Жеке тұрған супермаркеттер, гипермаркеттер, шағын дүкендер мен үй жанындағы дүкендерге жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс күндері-сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Көпшілік жиналатын орындарға, соның ішінде саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, балалар және спорт алаңдарына, алаңдарға баруға тыйым салынады.
Қалыпты режимде ЖМС, ЖМС жанындағы дүкендер, ТҚС, шиномонтаждау, өзіне-өзі қызмет көрсету жуу орындары жұмыс істейді.
Қоғамдық көлік жұмыс күндері 7-ден 11-ге дейін және 17-ден 20-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері олардың жұмысы тоқтатылады.
Штатта 30 адамнан артық жұмыс істейтін компания және мемлекеттік орган қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруы тиіс.