Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шымкентте елден 300 миллион теңге жинап алып, қашып жүрген алаяқ ұсталды

Тергеуде анықталғаны 46 жастағы сезікті 2015 жылы 32 жастағы Шымкент қаласының тұрғынының сеніміне кіріп, тендер алуға көмектеспекші болған. Сөйтіп, ол оның 120 миллион теңгеден астам ақшасын алып ізін суытқан. Осылайша алаяқ басқаларды да алдаған. Жәбірленушілерге оның бас-аяғы 300 миллион теңгеге жуық шығын келтіргені анықталып отыр. Қазіргі таңда оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-шы бабы, «Алаяқтық» әрекеті бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды„ делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті 1971 жылы туған Сағын Сейітжанның әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз