Шымкентте бірнеше салымшының ақшасын заңсыз иемденіп кеткен банк басшысы іздестіріліп жатыр.
Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
45 жастағы Нұржан Бауыржанұлы Көлбаев банктердің бірінің филиалын басқарған. Банк басшысы алаяқтық жолмен салымшылардың ақшасын иемденіп, белгісіз бағытта жасырынған. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы, яғни “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктінің белгілері: бойы 170 сантиметр, шашы қара, көзі қара. Ерекше белгілері жоқ.
Полицейлер күдікті 1973 жылғы Нұржан Көлбаевқа қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер мына 8-(7252)-97-60-09, 8-777-612-32-44 немесе “102” телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.