Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Шымкентте балалар алаңшалары жаңартылуда

Әрине, осы уақытқа дейін аулалары абаттандырылмаған жерлестеріміздің қуаныштарында шек жоқ. Әсіресе, бүлдіршіндерге жақсы болғаны сөзсіз. Цементшілер поселкесіндегі осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген үш үйдің ауласы қазір абаттандырылып жатыр.

Биыл Еңбекші ауданы бойынша жөндеу жоспарында 22 көп қабатты үй ауласы бар. Құрылысқа бөлінген 235 млн теңгені мердігерлер қараша айының соңына дейін игеруі тиіс.

Аудан басшылары, бұдан бөлек, 2012 жылы абаттандырылған аулаларға да ойын элементтерін орнатпақ. Ол үшін бюджеттен 57 млн теңге қаралыпты. Бұл жұмыс желтоқсанда аяқталады.

Нәтижесінде, ауданда бар 630 көп қабатты үйдің 461-і заман талабына сай, тұрғындарға ыңғайлы болмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз