Санитарлық авиацияның көмегіне зәру болған шымкенттік келіншек қайтыс болды. Бір айға жуық ес-түзсіз жатқан азаматша сегізнші қазан күні көз жұмған. Бұл туралы облыстық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Алексей Цай мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан Шымкентке бағыт алған Ан-28 ұшағы Алматы әуежайынан 28 шақырым қашықтықта құлап, бортта болған бес адам қаза тапқан еді. Кейін ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың есімі де белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, санавиация Шымкенттегі босанған ананы құтқару үшін жолға шыққан.
Қайғылы жағдайдан кейін де науқасқа көмектесу үшін Астана қаласынан дәрігерлер Шымкентке екі рет келген. Бірақ, алтыншы баласын босанған келіншектің өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады.