Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкентте әйелді қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр

Әйелді қаққан жүргізуші қашып кеткендіктен, жедел жәрдемді өзге жүргізушілер шақыртыпты. Өкінішке қарай, әйел алған жарақат салдарынан ауруханаға барар жолда жан тәсілім еткен.

Ал полицейлер оқиға орнынан әйелді қаққан көліктің сынықтарын тауып алды. Болжам бойынша, сынықтар «Ваз-21014» көлігіне тиесілі болуы мүмкін.

Енді ҚР Қылмыстық кодексінің екі бірдей бабы бойынша (345 – «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347- «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу») қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, адам қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз