Шымкентте ірі көлемде ақшасын жоғалтып алған қыз мектептің терезесінен секірген.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Оқиға 20 ақпанда № 18 орта мектепте болған. Күйзеліске түскен 9-сынып оқушысы мектептің екінші қабатындағы терезенің алдына шығып, секірмек болған. Мұны байқаған мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері қыз баланы 20 минут секірмеуге көндірмек болады. Күтпеген жағдайдың алдын алу үшін жерге спортзалдағы күрес кілемдері төселіп, мектеп қызметкерлері қызды тосып алуға дайын тұрған.
Жеңіл жарақат алған қыз қазір ауруханада. Асқар Үсеновке мектеп ұжымы алғыс білдірді. Қыздың ата-анасы мектепке ешқандай арызы жоғын мәлімдеген. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Директордың орынбасары Рахима Нарбекованың айтуынша, мектепте психологтар үздіксіз қызмет етеді. Қазір олар қызға күнделікті барып тұрады екен. Алдағы күндері балалар арасындағы диструктив мінез-құлықтың алдын алу бойынша ата-аналардың қатысуымен жалпы мектептік жиналыс өткізілмек.