Анталия-Шымкент бағытындағы №477 рейс Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Лада.кз басылымына сілтеме берген serke.org.
Ұшақтың қонуына Шымкент қаласының Х есімді 1981 жылғы азаматының ақылға қонымсыз әрекеті себеп болған. Жолаушы рейстен түсіріліп, желілік полиция бөлімшесі қызметкерлеріне тапсырылды. Сараптама қорытындысы оның мас болғандығын анықтады. Жанжал шығарушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабында көзделген «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
https://kaz.365info.kz/salafit-siyakhty-almatyda-shymkent-nomirli-golfpen-zhyrgen-bireu-ystaldy-video-273587
«Араққа тойған шымкенттік азамат пен оның жанында отырған жолаушы екеуінің арасында жанжал шықты. Х есімді азамат өзін дөрекі ұстап, борттағы жолсеріктеріне де бағынбай қойған. Әуе кемесінің командирі ұшақты Ақтау әуежайына тоқтатуға шешім қабылдады. Ақтау әкімшілік соты азамат Х-ны қамауға алу туралы қаулы шығарды. Қазіргі уақытта ол уақытша оқшаулау орталығына қамалды», – деді Ақтау ішкі істер басқармасы желілік полиция бөлімшесінің басшысы Серікқали Құжиев.
https://kaz.365info.kz/o-sheshen-shymkenttikterdi-mazakhtamaj-tynysh-zhyrinder-273095