Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру ұсынылды

Халық қалаулыларынынан бөлек сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев пен қала әкімі Н.Сауранбаев баршаны Шымкент қаласы тұрғындарының 1 миллионға жетуімен шын жүректен құттықтады.

Республикалық маңызы бар қала  мәртебесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтқан өңір басшысы мұндай өзгеріс қаланың дамуына  оң әсерін алып келетінін атап өтті.

 «Шымкент қалалық мәслихатының VI шақырылымдағы депутаттары кезектен тыс 29-шы сессиясында ел өмірі үшін маңызды мәселеге дауыс берді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бірнеше жыл бұрын Шымқаланы миллион тұрғыны бар орталыққа айналдыру бастамасы көтерілген болатын. Енді міне, сол мақсат жүзеге асып, Шымкент еліміздегі миллиондық халқы бар үш қаланың біріне айналды. Құттықтаймын! Біздің сүйікті қаламыздың орны өңір үшін ғана емес, Қазақстан үшін де айрықша маңызға ие. Ұл Жібек жолының бойындағы бұл шаһардың тарихы мен тамыры тым тереңде жатыр. Орта Азиядағы сан ғасырлық ғұмыры бар санаулы қалалардың бірі болған Шымкент, енді бірегейіне айналу бағытына түсті. Мұның барлығы бізге зор мақтанышпен қатар, үлкен жауапкершілік жүктейді»,-деді Ж.Түймебаев.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы №№2572- ХІІ «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңында республикалық маңызы бар қалаларға – халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады деп көрсетілген. 

Жиын соңында қала әкімі Н.Сауранбаев алда атқарар жоспардың көп екенін, оның  барлығы мәслихат депуттары мен қала тұрғындарының қолдауымен ғана жүзеге асатынын айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Сессия барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз