Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шымкент жақта 78 жезөкше тіркеуге қойылды (фото)

266

Нәтижесінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 309-бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұстаушы, ұйымдастырушы не жеңгетайлық) – 21 қылмыс анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз-хатшысы.

Сонымен, рейдтік шара кезінде полицейлер қаладағы сауналардың бірінде тұтынушыларға интимді қызмет көрсету үшін жеңіл жүрісті қыздардан 5 мың теңге көлемінде сыйақы алған аталған орынның әкімшісін анықтады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 309-бабымен «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер жыл басынан бері жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық бойынша 59 қылмыс тіркеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз