Шымкент МӨЗ кеңейту жөніндегі жобаның алдын ала ТЭН-і экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында зерделенеді.
“Шымкент МӨЗ қуаттылығын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру” жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің “Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым” сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының “Қайта өңдеу көлемін арттыру арқылы ішкі нарықты мұнай өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету” атты 53 тармағына сәйкес іске асырылуда.
Қазіргі уақытта Шымкент МӨЗ зауыттың технологиялық схемасының конфигурациясы және мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде салықтық және кедендік преференциялар бөлігінде алдын ала ТЭН-і жасақталуда.
ТЭН алды нәтижелер экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысына енгізілетін болады.
Осылайша, Энергетика, Ұлттық экономика, Экология және табиғи ресурстар, Сыртқы істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Сауда және интеграция, Қаржы министрліктерінің және “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ ведомствоаралық жұмыс тобы мемлекеттік қолдау шараларын, жобалаудың халықаралық нормаларының қадағалануын, шикізатпен қамтамасыз етуді, мұнай өнімдеріне баға белгілеуді және қаржыландыру мен әлеуетті инвесторлардың міндеттемелерін ескере отырып, инвесторларды тарту үшін үкіметаралық келісім жобасын аяқтайтын болады.
Жобаны іске асыру бойынша инвестордың бірлескен шешімі 2024 жылдың қыркүйегіне дейін алдын ала ТЭН жасау қорытындысынан кейін күтіледі.