Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Шымкент мамыр айында Қазақстандағы барлық доллардың үштен бірін сатып алды

Бұдан аз көрсеткіш биылғы жылы бір рет қана болды. Наурыз айында нетто-сату (сату минус сатып алу) 132,5 млрд теңгені құрады. Алайда, 2020 жылы орташа деңгей 203,2 млрд. теңгені құрады және бұл көктем айлары локдаунға байланысты сәтсіз болғанын есептегендегі көрсеткіш.

Мамыр айында белсенді түрде валюта қорын жинақтаған аймақ – Шымкент қаласы. Бір ай ішінде нетто-сату көлемі 51,2 млрд теңгені құрады. Яғни, жалпы республикалық деңгейдің үштен бір бөлігі. Екінші орында одан үлкен айырмашылықпен артта қалған Алматы қаласы – 28,3 млрд теңге.

Бір қызығы, Нұр-Сұлтан тұрғындары валюта сатып алуға өте салқын қараған. Бір ай ішінде айырбастау пункттерінің жиынтық нетто-сатулары 3,6 млрд теңгеден кем болды. Бұл ел бойынша 12-ші көрсеткіш.

Рубльге деген қызығушылық төмендеді

Айырбастау пункттеріндегі мамыр айындағы рубльдің нетто-сатуы 45,4 млрд теңгені құрады. Бұл соңғы 10 айдағы ең нашар көрсеткіш. Сәуір айымен салыстырғанда республикада Ресей валютасына сұраныс 23%-ға немесе 13,5 млрд теңгеге төмендеді.

Сұраныстың төмендеуі 13 өңірде байқалды. Тізімге кірмеген Алматы (+109,8 млн теңге), Ақтөбе (+716 млн), Қарағанды (+50,4 млн) және Маңғыстау (+68,3 млн) облыстары болды. Соған қарамастан:

  • Павлодар, Жамбыл және Қостанай облыстарында рубльге деген сұраныс соңғы 10 айда ең төменгі мәнге ие болған (тиісінше 4,5; 0,4; 2,6 млрд теңге).
  • Шымкент – 9 айда (2,3 млрд);
  • Нұр-Сұлтан – 7 айда (2,5 млрд);
  • Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары – 6 айда (тиісінше 3,4 млрд және 73,7 млн теңге) ең төменгі деңгейде болды.

Есесіне Маңғыстау облысында рубль үлкен сұранысқа ие болды. Бұл аймақта нетто-сатудың осындай көлемі 2020 жылдың ақпан айынан бері байқалмаған еді.

Доллар мен еуроға деген сұраныс өзгеріссіз қалуда

Өткен айда долларға деген сұраныс өзгерген жоқ. Сәуір айында нетто-сату 103,1 млрд теңгені құрады. Мамыр айында – 113,2 млн-ға артық. Алайда өңірлерге бөліп есептегенде айтарлықтай өзгерістер бар.

Мәселен, мамыр айында Шымкентте нетто-сату көрсеткіштері айтарлықтай өсті – 36,5-тен 47 млрд-қа дейін (жыл басынан бергі ең жоғары деңгей). Бұл уақытта Алматыда сұраныс төмендеді – 30-дан 21,5 млрд.теңгеге дейін, Маңғыстау облысында да қызығушылық айтарлықтай төмендеді – минус 5,5 млрд. теңге.

Еуроға деген сұраныс та айтарлықтай тұрақты болып отыр, бірақ тұрақты төмен деңгейде. Сәуірде – 8,3 млрд теңге, мамырда – 8,5 млрд теңге. Осы көлемнің жартысына жуығы екі қалаға – Алматы (3,8 млрд) және Шымкент (1,9 млрд) қалаларына тиесілі. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында халыққа еуро қажет емес болып шықты: оны сатып алуға қарағанда сату жиірек болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз