Шымкент қаласы 2020 жылы Астана болып қалуы әден мүмкін. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ташкентте ТМД елдері Сыртқы істер министрлерінің мәжілісінде Шымкент қаласын 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы деп белгілеу туралы ұсыныс білдірді.
Қазақстанда ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін Астана (2012 жылы) және Алматы (2014 жылы) қалалары иеленген. Мәдени астана болып 2018 жылы Арменияның Горис қаласы, 2019 жылы Беларустің Брест қалалары белгіленген. Жалпы ТМД-ның мәдени астанасы жобасы 2012 жылдан басталады. Биыл бұл атақты Әзірбайжанның Гянджа қаласы иеленіп отыр.