Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті тұрақты чемпион белбеуінен айырды, – деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.
Ұйымның жаңарған рейтингінде бұл титул кубалық Юниер Дортикостың еншісінде. Еске салайық, Шүменов пен Дортикос сәуірде жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда қазақстандық жаттығу кезінде көзін жарақаттап алып, осы себепті кездесу кейінге қалған.