Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Шықсын эфирге!..”. Көпбалалы ана Дүйсенованы “жекпе-жекке” шақырды

122

– дейді ол.

Бұл туралы көпбалалы ана Facebook-тегі жеке парақшасында арнайы жазба жариялады.

Айта кетелік, көпбалалы ана – Әлия Садырбаева „Атамекен„ ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі болған, заң жобаларымен жұмыс істеген, соңғы сыни пікірлері үшін  қызметінен шығып қалған.

«2018 жылы еліміздің түкпір-түкпірінде учаскелік комиссиялар жұмыс істей бастайды. Олар мемлекеттен балаға жәрдемақы алатындарды тексеретін болады. Несін дейсіз бе? Отбасының материальдық жағдайын есептеп, әрбір адамға акті толтырады. Иә, солай.

https://kaz.365info.kz/zheter-endi-khogam-belsendisi-halykhty-bagaga-toskhauyl-khoyuga-shakhyrdy-283352

Бұл адамды төмендетіп, кемсітетін процедура ғой. Мұнан бір рет өтсе, жақсы. Комиссия әр 3 ай сайын әрбір көпбалалы отбасын осылай  қақпақыламақ.

Мен үшін бұл өткен ғасырдың 20 жылдарындағы әскери коммунизм кезеңін еске түсіреді. Бай-кулак деп ауқаттылардың ізіне түскен секілді. Тек бұл арада ауқаттылардың орнына билік көпбалалы отбасыларды таңдап отыр ғой. Мемлекеттен қандай да бір көмек алу үшін, халқымыз қандай күйге түсіп, қорлық көруі керек» — дейді ол.

Әйтпесе…

https://kaz.365info.kz/kelesi-zhyly-zejnetakhy-osedi-osylaj-degen-ministr-dyjsenova-khandaj-khulykhkha-bardy-286649

Иә, тең болсын деген Әлия Садырбаева:

„Онда халық атынан да комиссия құрайық, халқтың әл-ауқатын жақсартуда министрлер мен депутаттар тиімді жұмыс істеп жатыр ма, соны анықтасын,

қалай болады екен а?„ – деп, түсініксіз шараға қарсы қыңыр ұсыныс тастады.

«Елдің жарылқаушысы кейіпін танытып, түрлі түсініксіз терминдерді алға тартқан Еңбек министрлігі қазақстандықтарды кезекті рет алдап соқты. Бірақ, біз,  шынымен, бірнәрсені түсінбейтін шығармыз?

Олай болса, Тамара ханым алдын ала дайындалып қойған аудиториямен кездесу үшін, халықты алдаусыратып, ел аралап жүрген сапарын кейінге шегере тұрып,  Біртанов әріптесінен үлгі алып, тікелей эфирде менімен теледебатқа, яғни, сөз сайысына шығуға келіссін.

Сол жерде қабылдап жатқан заңдары мен атқарғалы жатқан жұмыстары туралы түсіндіріп берсін. Оппонент болуға мен дайын», — деп жазды Әлия Садырбаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз