Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-3
USD
492
-0.51
EUR
530
+0.59
RUB
5.05
+0.02

“Шық, шық үйден…”. Алагөзовтың ұлы әкесін сотқа берді (видео)

464

Аталған іс әзіргі күні Жоғарғы соттың сот істері базасына тіркеліпті. 

Істі әзір судья Раушан Тұрсымбаева қарап жатыр. Аталған арыз бойынша азаматтық іс қозғалыпты қойыпты. 

Ал Әрсеннің әкесін неліктен әрі қай үйден қуып шығарғысы келіп отырғаны белгісі. Тұрсынғалидың өзі былтырғы жылғы бір сұхбатында отбасынан кеткесін балаларымен араздасып қалғанын әрі әлі күнге олармен татуласа алмай жүргенін айтқан. Ал Алагөзовтің туған қызы Әмина тіпті аты-жөні өзгертіп жіберген.

https://kaz.365info.kz/khajdan-bilesin-bakhytbektin-kharyndasy-tyrym-alagozovten-keshirim-syraudy-talap-etti-297593

– Мен олармен тілдескім келеді, алайда бұл қолымнан келмей отыр. Иә, олар шешелерінің сөзін сөйлеуде. Мұны да түсініп отырмын. Олар маған қатты ренжулі. Қызым тіпті тегін ауыстырып жіберіпті. Маған деген өкпесі қара қазандай. Ол осындай қадамға барды, – деген болатын Алагөзов..

Әминадан кейін мұндай қадамға Тұрсынғалидың ұлы Әрсен де барғалы отырған сыңайлы. Тіпті, әкесін үйден қуып шығуға тайынбай отыр. 

Ал Алагөзовтің өзі бұл турасында әлі қандай да бір мәлімдеме жасаған жоқ. Біз білсек, байлыққа қызықпайтын сияқты. Бұдан бұрын ол өзіне тиесілі бизнесін әйеліне беріп тынған. 

https://kaz.365info.kz/ol-nadan-bir-ystaz-tyrsynbek-khabatovtyn-maskharasyn-shygardy-video-307207

“Бизнесімді бұрынғы әйеліме бергеніме өкінбеймін. Мен үшін бұл аса маңызды емес.Табысты адамдар барлық жерден жарып шығады. Жас кезімде осы бизнес империя жасадым екен, ендеше тағы неге талаптанып көрмеске? Дәл қазір балаларым мен арадағы байланысты реттеуім керек. Ал  Ләйсара бақытты болсын…” деген еді Алагөзов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз