Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шығыс Қазақстанда жүк пойыздарын тонап келген ұрылар ұсталды

133

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

“Қаскөйлер ұрлыққа тыңғылықты дайындалған. Яғни, пойыз қашан өтеді, қай вагонда қандай жүк барын білген. Кейін Ақтоғай, Торпалды, Узловая бекеттерінде арам ойларын іске асырып отырған”, деді Көліктегі полиция департаментінің басқарма басшысы.

Яғни, отарба осы стансаларға тоқтаған кезде, ұрылар ондағы түрлі тауарларды өздерінің жүк көліктеріне тиеп алып, оп-оңай әкетіп отырған. Ал, қолды болған заттарды Алматы, Қарағанды облыстары мен Астана қаласындағы өздерінің сенімді клиенттеріне сатып келіпті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Көліктегі полиция департаменті жүргізген құрықтау операциясы кезінде, бас-аяғы 10 адам ұсталды. Сөйтсе ұры алыстан келмеген екен. Барлығы темір жол вокзалдарының жұмысшылары мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері болып шықты.

“Бізде жауапсыз жұмысшылар барын мойындаймыз. Кейбірінің темір жолдағы ұрлыққа қатысы бар. Оларды анықтап, жазалау үшін құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, жүк пойыздарын бақылауды күшейтеміз”, деді «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ директорының орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз