Шығыс Қазақстан облысындағы ірі 4 гидроэлектр стансасына қауіпсіздік картасы жасалады. Ол үшін арнайы гидрологтар мен IT-мамандар бұл нысандарды алдын ала түрлі тексеруден өткізіп көреді.
Бұл туралы облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығындағылар хабарлады.
Стратегиялық нысандар кез келген төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істейтінін және ондағы су қанша аумаққа жайылатынын есептеп көрмек. Облыстағы гидронысандардың техникалық шыдамдылығы салынғалы бірде-бір рет мұндай тексеруден өтпеген. Қазір гидролог-мамандар өңірдегі Төтенше жағдай департаментімен бірлесіп сынақты өткізудің жоспарын жасап жатыр.
Ал ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін 100 млн теңге қажет.
– Қауіптің бетін қайтару үшін 2020 жылға дейін арнайы жоспар жасалынуы тиіс. Ең бастысы, қандай да бір апаттың, тіпті төтенше жағдай болған кезде сол жоспар арқылы әрекет ету керек, – облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков.