Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шығыс Қазақстанда Бармақ батырдың ескерткіші бой көтерді

245

Қаһарманның басқа да қырлары мен қасиеттері еліміздің танымал тарихшылары мен шежірешілері бас қосқан ғылыми конференцияда айтылды. Екі күнге созылған шара барысында «Толағай сазы» халық аспаптар оркестрі келушілерді ұлттық әуенмен сусындатты. Ал шабандоздар жорға және аламан бәйге бойынша бақ сынасты. Оза шапқандар олжалы болып, ақшалай сыйлық алды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ауқымды шараның ұйымдастырылуына Бармақ батырдың 8-ұрпағы Қуандық Нұршин мұрындық болды.

Қуандық Нұршин, Бармақ батырдың ұрпағы:

– Бармақ батыр бабамыз осы жерді қорғап келіп, қаза болғанына 260 жыл болып тұр. Халық болмаса, Бармақ батырдың есімі ұмытылып кетер ме еді. Сондықтан алғысымыз ұшан-теңіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз