Дүйсенбі, 16 сәуір күні 08:05-те Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» .
Жерасты дүмпуінің күші 4,1 балл болған.
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының дерегі бойынша, зілзала ошағы Күршім ауданында орналасқан.